Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі халықаралық турнирде табысты өнер көрсетуде

ТАШКЕНТ. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстандық команда Ташкентте өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирді сәтті бастады.

Қазақстандық  боксшылар Ташкенттегі  халықаралық турнирде  табысты  өнер  көрсетуде

Жексенбі, мамырдың 16-сында Ташкенттегі «Жар» спорт кешенінде Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Сидней Львович Джаксонды еске алуға арналған халықаралық турнирлің ашылу рәсімі өтті. Жарысқа Ресей, Германия, Иран, Тайвань, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 100-ден астам спортшы қатысуда.

Жексенбі күні алғашқы алдын-ала жекпе-жектер өтті. Онда қазақстандық Біржан Жақыпов 70 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық спортшы Азат үсенәлиевті 8:3 есебімен ежеңді. Қазақстанның тағы бір өкілі Мирас Жақыпов (52 келі), ирандық Реза Аббасиді екі рет нокдаунға жіберіп, оны айқын басымдықпен жеңді. Қазақстандық Самат Башенов 60 келіге дейінгі салмақ санатында 18:4 есеппен өзбек боксшысы Боходыр Мамаджановты жеңді.

Дүйсенбі, мамырдың 17-сінде қазақстандық боксшылардың қатысуымен тағы бес жекпе-жек өтеді.

Сидней Джаксон Нью-Йоркте, еврей отбасында туған. Бронксте тұрған. Джексон 12 жасында боскпен айналыса бастаған, 18 жасында кәсіпқойлар қатарына айысқан. АҚШ-та кәсіпқой боксшы болған. Сидней Джаксон 1922 жылы Ташкентке келіп, балалар үшін бокстан алғашқы үйірме ашқан. Ол көптеген дарынды боксшыларды, тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандарды тәрбиелеуге мол үлес қосқан.