Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі халықаралық турнирдің ширек финалына шықты
ТАШКЕНТ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстанның бокс құрамасының төрт бірдей өкілі Ташкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.
Дүйсенбі, мамырдың 17-сі күні, Ташкенттегі «Жар» спорт кешенінде Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сидней Джаксонды еске алуға арналған халықаралық турнирдің аясында алдын-ала жекпе-жектер жалғасты.
Атап айтқанда, рингке шықпаған қазақстандық Мақсат Әлімбаев жеңіліс тауып, өз отандасы Серік Сәпиевтің (69 келі) ширек финалға шығуын қамтамасыз етті.
Ал ауыр салмақтағы боксшылар Данияр Үстембаев (91 келіге дейінгі салмақ санатында) пен Руслан Мырсатаев (91 келіден жоғары) өз қарсыластары - өзбекстандық Абдусалом Абдуллаев пен Шохбоз Исақжановты айқын басымдықпен жеңді.
64 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен қазақстандық Данияр Елеусінов те өзбекстандық қарсыласы Талат Шәріповты 12:1 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Ал Қазақстан құрамасының қалған өкілдері - Данияр Төлегенов, Данабек Суджанов және Марат Қиясовтар қарсыластарына ұпай саны бойынша есе жіберіп, ширек финалға шыға алмай қалды.