Қазақстандық делегация Дүниежүзілік кеден ұйымының 115-116-шы сессиясының жұмысына қатысты

БРЮССЕЛЬ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов бастаған қазақстандық делегация маусымның 24-26-сы күндері Брюссельдегі аталмыш құрылымның штаб-пәтерінде өткен Дүниежүзілік кеден ұйымының 115-116-шы сессиясының жұмысына қатысты.
None
None

Сессияда қозғалған негізгі тақырып басым бағыттары сауданың дамуы үшін жағдай жасау, қауіпсіздік пен институционалды дамуды қамтамасыз ету болып отырған Дүниежүзілік кеден ұйымының стратегиялық жоспарының жүзеге асырылуы болды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша «Ғаламдық сауыт» жобасы қабылданды, оның мақсаты жарылғыш заттарды жасау үшін заңсыз өткізілетін тауарларды алдын алып, ескерту болып табылады.

Сессия жұмысы аясында қазақстандық кеден органының басшысы Қ.Кәрбозов салық саясаты, Кеден одағы, алаяқтықпен күресу және аудит жөніндегі еурокомиссар Альгирдас Шеметпен, сондай-ақ Еурокомиссияның салық және Кеден одағы жөніндегі бас директорат департаментінің директоры Антонис Кастриссианакиспен келіссөздер жүргізді. ЕО өкілдері шекараны жаңарту және нәтижелі басқару бойынша ҚР кеден қызметінің жүргізіп отырған реформасына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, ҚХР, Бельгия, Ирландия, Болгария, Моңғолия, Эстония, Украина, Беларус, Өзбекстан және Әзірбайжан кедендік қызметінің басшыларымен жұмыс бабындағы кездесулер болып өтті. ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басшысы әріптестеріне шекарадағы жаңартылу, тиісті инфрақұрылым, ҚР және ҚХР арасындағы орналасатын жүк туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырып отырған «бір терезе» стратегиясының жүзеге асырылуы, сондай-ақ шекараны басқаруды біріктіретін жүйенің құрылуы туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар