Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцецег Түркиядағы «гран-при» бәсекесінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Самсун қаласында өткен дзюдодан «гран-при» жарысында Қазақстан өкілі Галбадрах Отгонцецег жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцецег Түркиядағы «гран-при» бәсекесінде жеңіске жетті

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық спортшы түркиялық Диляра Локманхекимнен басым түсті. Ал бұған дейін жартылай финалда француз дзюдошысы Летиция Пайені жеңген болатын.