Қазақстандық футболшылар Caspian Cup турнирінде үшінші рет ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакудегі футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы (U-17) Caspian Cup турнирінде Қазақстан құрамасының ойыншылары грузиялықтардан ұтылды, деп жазады Vesti.kz.
None
None

9-12 орындар үшін болған матчта қазақстандықтар 1:5 есебімен есе жіберіп алды. Сонымен Қазақстан құрамасы турнирде үшінші рет қатарынан жеңіліп, енді 11-12 орындар үшін Ауғанстан командасымен тартысқа түспек. Бұл команда Өзбекстан құрамасына 1:6 есебімен есе жіберген еді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кездесуде қазақстандық футболшылар Түркия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылса, одан кейін Өзбекстан футболшыларынан 1:8 есебімен ойсырай жеңілді.

Соңғы жаңалықтар