Қазақстандық ғалымдар бидайдың өнімі мол жаңа сұрпын шығарды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында гектарынан 50 центнерге дейін өнім беретін бидай сорты сынақтан сəтті өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шортанды ауданындағы А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мәліметі бойынша, аталмыш орталықтағы қатты бидай зертханасының қызметкерлері өткен жылы «Дамса 2017» бидай сортын сынақтан өткізіп, нәтижесінде әр гектардан 46,5 центнерден өнім алды.

«Ғалымдар бидайдың жаңа сұрпын шығаруда зерттеу жұмыстарын 2015 жылы бастаған. Табысты жұмыстың нәтижесінде бірнеше жылдан кейін бидайдың төзімділігі жоғары «Дамса 2017» жаңа сорты дүниеге келді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына төзімді. Экологиялық жаздық далалық түрге жатады. «Дамса 2017» сорты шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді. Осы бидайдан алынған макарон түсі және жалпы бағалау бойынша стандартты көрсеткіштен асып түседі», - дейді А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз хатшысы Аян Қайырбаев.

Сонымен қатар, экологиялық сортты сынақтан өткізу Солтүстік Қазақстан облысының егістік алқаптарында да жүргізілді. Одан әр гектардан 46,3 центнерден өнім алынды. Айталық, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында былтыр жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есе артып 25,5 центнерге жетті.

Соңғы жаңалықтар