Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық гимнасшылар Азиаданың чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық гимнасшылар Азиаданың чемпионы атанды

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын.

Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары.


ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі