Қазақстандық грек-рим күресі палуандары Эстония турнирінде тоғыз медаль ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония астанасы Таллинде «Таллин Оупен» кадеттер мен жастар арасында күрес түрлері бойынша халықаралық турнир өтті, деп хабарлады Kazakhstan Wrestling Online ВКонтакте парақшасында.

Қазақстандық грек-рим күресі  палуандары Эстония турнирінде тоғыз медаль ұтты

Жарысқа 20 елден 1800 спортшы қатысты.

Біздің жастардан құралған командамыз тоғыз медаль ұтты.

50 келіге дейін салмақ санатында үш палуан - Дастан Зарлыханов турнир жеңімпазы, екінші орында - Ернұр Фидахметов, үшінші орында - Ғалым Қабдынасаров. Айдос Сұлтанғалиға 60 келі салмақта ешкім тең келмеді. 120 келі ең ауыр салмақта Мансұр Шадуқаев күміс медальді жеңіп алды. Қоланы Данияр Марвен ұтты. Сондай-ақ Бағдат  Үсенов (84 келі) пен Мерей Бекенов (66 келі) қола жүлдегерлер атанды.