Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері

АЛМАТЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаңтардың 16-17-сі күндері Ресейдің Тюмень қаласында грек-рим күресінен "Иван Поддубныйді еске түсіруге арналған дәстүрлі халықаралық Гран-при турнирі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкер Мұратбек Қасымханов бұл дүбірлі додаға 14 балуанды алып бармақ. Онда ел намысын Асхат Құдайбергенов, Марат Гарипов (55 кг), Алмат Кебісбаев, Елдар Қайратов, Ербол Қоңыратов (60 кг), Айбек Еңсеханов, Бейбіт Нұғыманов, Шыңғыс Қайырмағамбетов (66 кг), Андрей Самохин, Алхазур Оздиев (84 кг), Әсет Мәмбетов (96 кг) пен Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) қорғамақ. Бағдарлама бойынша қаңтардың 14-і күні онда делегациялар күтіп алынып, 15-і күні жарысқа қатысушылар медициналық тексеруден өтіп, салмақтарын өлшейді. Сенбіде 55, 66, 84 және 120 келі салмақтағы балуандар белдесіп, жеңімпаздар марапатталады. Ал жексенбі күні 60, 74 және 96 келідегі үздіктер анықталады.

Соңғы жаңалықтар