Қазақстандық грек-рим шеберлері Азия біріншілігін екінші орында аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күні жас балуандарымыз ел қоржынына екі алтын, бір қола медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы алтынды грек-рим күресінің шебері Ғалым Қабдынасаров жеңіп алды. Ол 60 келі салмақта ел намысын қорғаған болатын. Отандасымыз финалда ирандық қарсыласын ұтып, Азия чемпионы атанса, екінші алтынды ел қоржынына 67 келіде күрескен балуан Мерей Бекенов салды. Ол алтын медаль үшін болған белдесуде қырғызстандық балуаннан айласын асырды.
null

Ал 82 келі салмақта күрескен Станислав Рыльский Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Осылайша, Азия чемпионатының алғашқы екі күнінде бозкілемде белдескен грек-рим күресінің балуандары жарысты аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше грек-рим күресінен жас балуандарымыз жарыстың алғашқы күні 4 медаль жеңіп алғаны туралы айтқан болатынбыз. Міне, жарыстың екі күннен кейінгі нәтижесін қоса есептегенде Қазақстанның жас балуандары 2 алтын, 5 қола медальмен командалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орында - Иран. Үздік үштікті Қырғызстан балуандары қорытындылады. Бүгін бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар
telegram