19:53, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Қазақстандық хоккей федерациясының сайтына кірушілер дауыс бере алады
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстандық хоккей федерациясының www.icehockey.kz сайтына кірушілер енді дауыс бере алады,
деп хабарлады Федерацияның баспасөз қызметі.
«Бүгінгі күннен бастап Қазақстандық хоккей федерациясының ресми сайтында кірушілер арасында сауалдама жүргізіледі. Алғашқы сауалдаманың тақырыбы - 2009-2010 маусымдағы чемпион-команда туралы болжамдар», - делінген баспасөз баянында.