08:43, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстандық хоккейші қыздар австриялық қарсыластарын жеңді
МАГДЕБУРГ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Австриялық www.hockeyfans.at спорттық порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, хоккейден қазақстандық қыздар құрамасы сәрсенбі күні өткен біліктілік ойындарында австриялық команданы 3:1 есебімен жеңді.

«Біз лайықты қарсыласпен ойнадық және бұл ойын бізге өзіміздің күшті және әлсіз тұстарымызды көруге көмектесті. Ойын бізді бар күшімізді сарқуға мәжбүр етті, енді біз қалай жұмыс істеу керек екенін білеміз. Ең алдымен бізге, қорғанысты күшейту керек. Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы лайықты жеңіске қол жеткізіп отыр, дегенмен бізде де біраз мүмкіндіктер болып еді», - дейді ойынның қорытындысы бойынша сұхбат берген Австрия командасының жаттықтырушысы Миро Берек.