Қазақстандық хоккейшілер Польшада өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында Англия құрамасын 1:0 есебімен ұтты

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Кеше хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Польшада өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында Англия құрамасын 1:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық хоккейшілер Польшада өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында Англия құрамасын 1:0 есебімен ұтты

Қазақстандық спортшылар Германия мен Польша құрамаларынан ұтылғаннан кейінгі алғашқы жеңіске жетті. Ағылшын қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы - Михаил Рахманов.

Бүгін, яғни сәуірдің 15-інде қазақстандықтар Германия құрамасынан 0:15 есебімен тас-талқан болып ұтылған Литва командасымен ойнайды.