Қазақстандық кикбоксшылар ел құрамасының құрамасына 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль қосты
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Бангкокте (Таиланд) шығыс жекпе-жегінен алғашқы Азия ойындары өтуде, онда өнер көрсетіп қазақстандықтар жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Бүгінгі күні муай-тай және кикбоксинг бойынша финалдық жекпе-жектер аяқталды,
деп хабарлайды Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 5-інде қазақстандық барлық кикбоксшылар жеңімпаздарынан басым түсіп, финалға шықты. Финалда алдымен Еркебұлан Омаров (51 кг) шықты. Өкінішке орай, ол сириялық спортшыдан ұтылып, күміс медальға қол жеткізді. Бұдан кейін Нұрғали Наурызбаев (60 кг) Иорданиядан келген Хасан Әлиден ұтылып, екінші күміс медальды иеленді. Көптен күткен алтын медальды қазақстандық құрамаға Саян Жақыпов алып берді. 71 килә салмақта ол Монғлоиялық Наадам Болдбаатардан басым түсті.
Лоу-киктен осы салмақ санатында боз кілемге шыққан Мақсот Ыбыраев та тайландылық палуанды тізе бүктіріп, алтын медальды олжалады. Понгфан Плесантиамен белдескен Бауыржан Құдайбергенов те күміс медальды еншіледі.
Сөйтіп. Қазақстандық кикбоксшылар еліміз құрамасының қоржынына 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль салды.
Қазір Қазақстан 30 медальмен екінші орында келеді. Бірінші орында 48 наградамен алаң иелері, үшінші жалпы командалық есепте Корея спортшылары келеді.