Қазақстандық композиторлар мектебінің алыптары - «Астана Опера» театрында

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 ақпанда «Астана Операның» Камералық залында заманауи қазақстандық композиторлар шығармаларының ең үздік үлгілері ұсынылады.
None
None

Белгілі отандық авторлар қатысатын «Дархан дала» концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Композиторлар-замандастар» жаңа циклін ашады.

Қазақстан композиторларының музыкасы тек біздің республика аймағында ғана емес, Италия, Ұлыбритания, Франция, Ресей және т.б. шет елдерде орындалып жүр, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Кеш бағдарламасына тыңдармандарымыздың сүйікті әндері: М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Б.Қыдырбек, Т.Мұхамеджанов, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, А.Әбдінұров, К.Дүйсекеев, Ж.Тұрсынбаев, Е.Өміров, А.Тоқсанбаев, А.Алпысбаев, Д.Останькович, И.Жақанов, А.Тани сияқты классикалық және заманауи әндері, романстары, ариялары енді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор және композитор Серік Еркімбеков осы концертке атауы берілген «Дархан дала» әні халық ақыны Сырбай Мәуленовпен жеке кездесіп, оның шығармашылық өмірбаянының маңызды сәттерімен байланысты екенін атап өтті. Оның жинағынан алынған өлең жолдары жоғары поэзиялық сөз саптауы, ой-өрісінің кеңдігі, өмірге деген тамаша философиялық көзқарасымен, қазақ жері табиғатының әсем суреттерімен композиторға шабыт берді. Сөйтіп С.Еркімбеков тыңдармандарымызға өз басынан кешірген терең сезімдерді жеткізуге тырысты.

- Мәдениетті ел өмірінен бөліп алу мүмкін емес. Барлық күшіміз бен шығармашылық шабытымызды біз өз Отанымыз туралы айтуға бағыттаймыз. Көбінесе, бізді Отанға деген махаббат шабыттандырады, сондықтан да біз халқымыздың рухы, оның әдемілігі, жақсылыққа, биік мұраттарға талпынуын көрсететін шығармалар жазамыз. Бұл концерт біздің шығармашылығымыз, рухани әлемтанушылық, сезіну және алға жылжудың табиғи жалғасы болып табылады. Композициямен берілген тақырыптар, ойлар, бейнелер біздің өміріміздің, оның өмір сүру кеңістігінің түрлі қырын көрсетеді, - дейді Серік Еркімбеков.

Кеш қонақтары елімізге белгілі айтулы қазақстандық композиторлар: Кеңес Дүйсекеев, Балнұр Қыдырбек, Серікжан Әбдінұров, Жоламан Тұрсынбаев және т.б. болады. Серік Еркімбеков, Әліби Әбдінұров және Дмитрий Останькович өздерінің шығармаларын Камералық зал сахнасында орындайды. Концертте театрдың көрнекті солистері - ҚР еңбек сіңірген әртістері Жаннат Бақтай, Ғалия Байғазинова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Дина Хамзина, Жанат Шыбықбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Қапонова, Роза Нүркей, Әсем Сембина, Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Болат Есімханов сонымен қатар Б.Әлібекова жетекшілік ететін белгілі «Елігай» хоры және тағы да басқалар.

Фортепиано партиясын - композиторлар: Серік Еркімбеков, Дмитрий Останкович, Әліби Әбдінұров, сонымен қатар халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова, Елена Сахно, Ирина Кургузкина, Гауһар Тасбергенова орындайды.
null

Соңғы жаңалықтар