Қазақстандық құтқарушылар «Хазар-2017» жаттығуларына қатысты

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде Каспий маңы елдерінің құтқару бөлімшелерінің «Хазар-2017» бірлескен жаттығулары өтуде, оған ҚР ІІМ ТЖ комитетінің құтқару бөлімдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

«Бұл жаттығулар әртүрлі төтенше жағдайларды, соның ішінде судағы және техногендік сипаттағы оқыс оқиғаларды жою бойынша Каспий маңы елдері, Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Түрікменстан және Иран арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Биылғы оқу-жаттығулар Бакуде өтіп жатыр. Қазақстан оқу-жаттығуда құрамында 15 құтқарушысы бар жедел топты және 3 техника бірлігін ұсынды», - деді ҚР ІІМ ТЖК басқарма бастығы Рустамбек Амрин.



«Қазақстан аумағында мұндай жаттығуларды өткізу мәселесі де қарастырылуда. Екінші рет болып жатқан жаттығу бұған дейін Астраханьда өткізілген еді», - деді Амрин.

Соңғы жаңалықтар
telegram