Қазақстандық мобильдік операторлардың бағалары ТМД елдерінің ұялы байланыс операторларының бағаларынан жоғары

АСТАНА 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық мобильдік операторлардың бағалары ТМД елдерінің ұялы байланыс операторларының бағаларынан жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов аталған ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

Қазақстандық мобильдік операторлардың бағалары ТМД елдерінің ұялы байланыс операторларының бағаларынан жоғары

Агенттіктің деректеріне қарағанда, 2012 жылы ұялы байланыс қызметі нарығына жүргізілген талдаудың нәтижелеріне сәйкес іс жүзінде қоңыраулардың барлық түрлеріне және СМС пен ММС бойынша мобильдік операторлардың бағалары ТМД елдерінің ұялы байланыс операторларының бағаларынан едәуір жоғары екені анықталды. Сонымен бірге 2012 жылы агенттік пен Көлік және коммуникация министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесі Қазақстанның ұялы байланыс операторларының өз еріктерімен интерконнектке ставкаларды кезең-кезеңмен төмендетуі болды. 2013 жылы интерконнект ставкасы 15 пайызға төмендетіледі.