Қазақстандық оқушылар халықаралық балалар экологиялық конференциясына қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен халықаралық балалар экологиялық конференциясына Қазақстан Қарағанды облысының Шахтинск қаласынан екі оқушыны - № 1-інші және 15-інші орта мектептердің оқушылары Анастасия Прыткова мен Артем Макаровты ұсынды.
None
None

Бұл форумға өз елдерінде экологиялық жобалармен айналысатын балалар шақырылды. Аталмыш кеңес әлемнің 100-ден астам елінен келген өкілдерінің басын қосты.

Форумға қатысушылар елге оралғаннан кейін әсерлерімен бөлісті.

Настья мен Артемнің айтуынша, олар халықаралық балалар экологиялық қозғалысына қосылу мүмкіндігіне ие болғандары, басқа елдердегі құрбыларымен танысқандары үшін қуанышты екендерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар