Қазақстандық оқушылар Sage әлемдік чемпионатында EXPO-2017 таныстырылымын өткізеді

Бұл туралы SAGE Kazakhstan кәсіпкерлік бойынша халықаралық білім беру бағдарламасының ұлттық координаторы Зәуре Увалиева хабарлады.
«6 және 9 тамыз аралығында Сеулде SAGE әлемдік чемпионаты өтеді. Оған 20 елдің 250-ден астам өкілі қатысады. Біздің елден байқаудың қазақстандық кезеңінің жеңімпаздары - құс өсіру жобасын ұсынған Атырау облысының командасы және еріктілерге арналған мобильді қосымшаны ұсынған астаналық команда барады.
SAGE әлемдік чемпионаты аясында командалар елін таныстыруы үшін бір күн бөлінеді. Биыл оқушылар EXPO-2017 көрмесінің таныстырылымын өткізеді», - деді Зәуре Увалиева.
Еске сала кетейік, SAGE - әлеуметтік кәсіпкерлік оқушыларын оқытатын коммерциялық емес халықаралық білім беру бағдарламасы. Ол оқушылар арасында халықаралық олимпиадалар да ұйымдастырады. Ұйымдастырушысы Калифорния мемлекеттік университеті, ал бағдарламаға қатысушылардың жасы 13-19 жас.