Қазақстандық палуандар Ташкент турниріне қатысуда
ТАШКЕНТ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан елордасында жасөспірімдер арасында грек-рим және еркін күресінен Азиялық біліктілік турнирі басталды.
Азияның оншақты елінен жиналған палуандар Сингапурде жасөспірімдер арасында өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу лицензиясын сарапқа салады.
Қазақстан командасының палуан ұл-қыздары грек-рим күрес бойынша да, еркін стильде де өнер көрсетеді.
Ташкент Спорт сарайында жайылған боз кілемнің үстіне бүгін, сәуірдің 30-ы күні түстен кейін Қазақстанның бес өкілі шығады.