Қазақстандық парламентшілер делегациясы ПАО 132-Ассамблеясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасында жүр, бүгін онда Парламентаралық Одақтың 132-Ассамблеясы ашылады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жоғары парламенттік жиынға осы жылы өзек болған тақырып - 2015-жылдан кейінгі тұрақты даму мақсаттары. Ортақ пікір алмасулар кезінде Мәжіліс Төрағасы Қ. Жақыповтың сөз сөйлеуі күтілуде.

Сондай-ақ, сапар бағдарламасы аясында Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангмен, Парламентаралық Одақ Төрағасы Сабер Хоссейн Чоудхуримен, Вьетнам, Германия, Иордания парламенттерінің спикерлерімен кездесулер жоспарланған.

Бүгін ресми сапар барысында қазақстандық парламентшілер Вьетнамның солтүстік шығысындағы туристік және өнеркәсіптік дамыған Куанг Нинь провинциясында болды.

Провинцияның әкімшіліктік орталығы Халонг қаласында Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов провинцияның партиялық комитеті хатшысының тұрақты орынбасары Куанг Нинь До Хи Хоанмен кездесті.

Қ. Жақыпов Вьетнам Коммунистік партиясы құрылуының 85 жылдығымен, сондай-ақ, Вьетнам Социалистік Республикасы тәуелсіздігінің 70 жылдығымен құттықтады.

Мәжіліс Спикері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардан хабардар етті. Соның ішінде, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына айрықша көңіл бөлінді.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттары қатарында тараптар мұнай-газ, туризм, телекоммуникация салаларына назар аударып, сондай-ақ, Кедендік Одақпен еркін сауда аймағын құру турасында өзара іс-қимыл мәселелерін атап өтті.

Қабиболла Жақыпов пен До Хи Хоан қазақстандық-вьетнамдық қатынастың, соның ішінде, аймақтар арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Жүздесуге сонымен қатар, делегация мүшелері, Мәжіліс депутаттары М.Әшімбаев, Р.Мадинов, В.Киянский, У.Медеуов және сенатор Е.Мұқаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар