Қазақстандық рафтингшілер Австралия және Азия чемпионатында командалық есепте 3-ші орны алды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Ява аралында мәреге жеткен Австралия және Азия чемпионатында қазақстандық рафтингшілер /су слаломшылары/ жарыс қожайындарын ғана алға жіберіп командалық есепте 3-ші орынды жеңіп алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәуірдің 23-і күні жалауын көтерген бұл дүбірлі дода 4 жарыс түрі бойынша өтті. Қазақстан құрамасы «SPRINT», «HEAD TO HEAD» және «SLALOM» тәртібімен өткен 3 жарыста да үшінші орын алды. «DOWN RIVER RACE» сынына қатыспағанына қарамастан, чемпионаттың жалпы қорытындысында 10 команданың ішінен үздік үштікке енді. Онда 1-2 орынды ерлер арасында барлық жарыс түрінде индонезиялықтар жеңімпаз атанды. Олар биыл бірге өткізіп отырған Австралия және Азия чемпионаты жарысына 2 команда қосқан болатын. Рафтинг спорты бойынша биыл алғаш рет ел тарихында осындай жоғары дәрежеге қол жеткізген ұлттық құрама ұшақпен Әбу-Даби әуе рейсі бойынша ертең Алматы әуежайына табан тірейтін болады.

Соңғы жаңалықтар