Қазақстандық самбошылар М.Бурдиков турнирінде табысты өнер көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Ресейдің Кстово қаласында самбодан «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Бурдиковтың мемориалы» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық самбошылар М.Бурдиков турнирінде табысты өнер көрсетті

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров 57 кг салмақта ресейлік Артем Щербаковқа ғана жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Ал Нұрбол Серіков 68 кг салмақта үшінші орынға көтерілді. Палуандарды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райымбек Меңдіғалиев дайындап апарды.

Айта кетейік, сонымен қатар осы жарыста Қазақстаннан барған Бейімбет Қанжанов (52 кг) пен Зере Бектасқызы (72 кг) да күміс медальді иеленсе, Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) қола жүлдені еншіледі.

null null null