Қазақстандық семсерлесушілер Харьковтағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат  /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық семсерлесушілер Украинаның Харьков қаласында өткен халықаралық турнирде үздік сегіздіктің қатарына енді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясына сілтеме жасап.

Биыл 12-ші рет ұйымдастырылған бұл байрақты бәсекеге  20 елден 164 спортшы қатысқан болатын. Онда қазақстандықтардан Дмитрий Грязнов 6-шы, Эльмир Әлімжанов 7-ші орын алды. Эльмир бұған дейін Түркияның Анталья қаласында өткен Әлем чемпионатында 13-ші орынға көтерілген еді. Бұл аталмыш түрі бойынша Қазақстан тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш саналады.  Мамандардың айтуынша, ересектер құрамасына жаңа ғана өткен жас спортшы үшін бұл көрсеткіштер  үлкен жетістік.      Енді 2010 жылдың қаңтар айында Катар,Куәйт, Италия елдерінде шпагашылар арасында Гран-при сериясындағы халықаралық турнирлер өтпек.

Жалпы қазақстандық жасөспірімдер биыл Сингапурде өткен Азия чемпионатында командалық есепте топ жарған болатын. Онда К. Жақыпов  чемпион, ал  И. Дерябин күміс жүлдегер атанған еді.

Соңғы жаңалықтар