Қазақстандық шахматшылар АҚШ командасына қарсы онлайн-матч өткізеді
Қазақстанның шахмат федерациясы елдің барлық шахматшыларын – әуесқойлар мен кәсіби ойыншыларды «Kazakhstan Chess» клубының құрамында ойын ойнап, республика намысыннн қорғауға шақырады.
АҚШ командасына қарсы матч 15 тамызда өтеді. Ойынның басталуы: 1) Блиц - Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де. Уақытты бақылау: 3 мин + 2 сек.
Қатысуға ниет білдіргендер онлайн матч ұйымдастырылатын ресурста «Жарыстар» батырмасын басып, «USA — Kazakhstan» турнирін өздігінен таңдай алады.
2) Рапид – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:42-де. Уақытты бақылау: 15 мин. + 2 сек.
Қатысушылар сілтеме бойынша «USA — Kazakhstan» жарысын өздігінен таңдай алады.
Nations League 2020 жарысына қатысу үшін Chess.com платформасында «Kazakhstan Chess» клубына кіру туралы өтінім беру керек. Әрбір матчқа бөлек қосылу қажет. Ойынға қосылу сағат бұрын басталады.