Қазақстандық шахматшылар онлайн матчта Сингапур құрамасынан басым түсті

Матч 14:6 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Құрама сапында Қазақстанның 2020 жылғы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетті. Матч қорытындысы бойынша біздің жігіттер 11.5:8.5 (партиялар бойынша) және 5.5:4.5 (матч ұпайлары бойынша) есебімен басым түсті. Қазақстандық қыздар 15.5:4.5 (партиялар бойынша) және 8.5:1.5 (матч ұпайлары бойынша) есебімен жеңіске жетті.
Қыздар жасөспірім құрамасында Әмина Қайырбекова, Зейнеп Сұлтанбек, Сақыпжамал Бармағамбетова, Арайлым Әліпбек, Ксения Балабаева, Лия Құрманғалиева, Алуа Нұрманова, Аяулым Қалдарова, Зарина Нұрғалиева, Кализа Айжарық ойнады.
Ал ерлер жасөспірім құрамасы қатарына Жандос Ағманов, Сұлтан Аманжол, Рамазан Жалмаханов, Алрами Алдабергенов, Қазыбек Нөгербек, Айтуар Жүкенов, Сатбек Ахметдинов, Тимур Кеңбейілов, Алдияр Аңсат, Даниял Сапенов кірді.