Қазақстандық шекарашылар «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы пойыздан 934 грамм героин тапты - ҚР ҰҚК
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы "Мерке т.ж." шекаралық бақылау жасағы «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы пойыздағы жасырын қоймадан жалпы салмағы 934 грамм болатын есірткі затының екі орамын тапты,
деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы.
Аталған факті бойынша Ресей Федерациясының 3 азаматы ұсталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.