Қазақстандық шекарашылар жыл басынан бері оңтүстік шекарада екі мың киләдан асатын есірткі заттарын тәркілеген

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстандық шекарашылар жыл басынан бері оңтүстік шекарада 2 157 килә есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлады «Оңтүстік» аймақтық басқармадан.

Қазақстандық шекарашылар жыл басынан бері оңтүстік шекарада екі мың киләдан асатын есірткі заттарын тәркілеген

Мамандардың бағалауынша, тәркіленген есірткі заттарының ең көп мөлшері Қазақстанға қырғыз тарапынан Тәжікстан арқылы Ауғанстаннан келеді.

«Қылмыскерлер герионді адам ойламайтын жерлерде сатады. Тәркіленген есірткінің 35 киләсы героин, екі киләсы анаша», - деді «Оңтүстік» аймақтық басқармасының бастығы Тұрғанбек Стамбеков.

Мысалға, жақында ғана Тараз шекара бөлімінің аумағында Қазақстанның басқа аймақтарына жіберу үшін дайындалған 900 киләдай марихуана тәркіленді. Есірткі сатушыларды ұстау операциясына қатысқандардың барлығы марапатқа ие болды, деп хабарлады «Оңтүстік» аймақтық басқармасынан.