Қазақстандық штангышы Маргарита Елисеева Азия чемпионатында күміс медальды жеңіп алды

АШКЕНТ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Бүгін Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты аясында 17 жастан асқан спортшылар медаль жолында жарысқа шықты. Қазақстан атынан 8 ауыр атлет өнер көрсетті.

Қазақстандық штангышы Маргарита Елисеева Азия  чемпионатында күміс медальды жеңіп алды

ҚР өкілдері арасынан бірінші болып сынға түскен Маргарита Елисеева штанганы жұлқи көтеруде 71 және серпи көтеруде 87 келі салмақты бағындырып, күміс медальды олжалады.

Сондай-ақ медаль үшін Ф. Сиванбаева (58 келі), Т. Конгренко (58 келі) және Е.Селезнев (62 келі) бақ сынайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатының бірінші кезеңінде 1993 жылға дейін дүниеге келген спортшыларымыз 5 медаль еншілеген болатын, оның 2-уі алтын, 1-уі күміс, 2-уі қола.