Қазақстандық спортшылар конкурдан Challenger Кубогының кезеңінде екінші орын алды
БІШКЕК. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте конкурдан (салтатпен кедергілерден өту) өткен Challenger Кубогының сырттай кезеңінің нақты қорытындысы шығарылды.
Қырғыз Республикасы Ат спорты федерациясының ақпараты бойынша, жарыстарға Қазақстан мен Қырғызстанның конкурдан спорт шеберлері қатысты, олар екі сынып-санатында төрт жарысқа қатысты. Және сынаққа халықаралық турнирлерге, оның ішінде Гран-при сериясының турнирлеріне қатыспаған аттар ғана шығарылды.
А санатында биіктігі 120 см кедергіден өту жарысында соңғы айналымға дейін қазақстандық Ержан Мақжаев көш бастап келген болатын. Бірақ соңғы жарыста оның сәйгүлігі бірнеше кедергіні құлатып, Ержан Мақжаев 9 айып ұпайымен екінші орынға түсіп қалды. Бұл санат бойынша қырғызстандық Ирина Грозных жарыстың жеңімпазы атанды.
Кедергінің биіктігі 1 метрді құрайтын В санатында да қазақстандық Екатерина Гурова қырғызстандық Валентин Дуболадовқа есе жіберіп алды.