Қазақстандық спортшылар Токиода өткен жасөспірімдер арасындағы Азиялық паралимпиадалық ойындарда 23 медаль жеңіп алды
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар қыркүйектің 8-і мен 15-і аралығында Токиода өткен жасөспірімдер арасындағы Азиялық паралимпиадалық ойындарға қатысты.
Қазақстан құрамасы онда 23 медаль олжалады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жастары 19-дан аспаған аяқ-қолдары істемейтін және зағип спортшыларға арналған ойын бағдарламасы спорттың 5 түрі бойынша - жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, голбол, бочче және арбадағылар арасындағы үлкен теннис (көрсету жарысы) түрлері бойынша өтті.
Ойындарға Қазақстанның Қарағанды, Маңғыстау және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан 15 спортшы қатысты. Олардың төртеуі - жеңіл атлетика, 11 спортшы жүзу бойынша өнер көрсетті. Жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар 7 алтын, 12 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
Ең көп медальды жүзушілер жеңіп алды. Үш алтын медальды - маңғыстаулық Эллина Байделдинова (жаттықтырушысы Барышева Л.) еншілесе, қарағандылық Егор Буженко (жаттықтырушысы Е.Ракитина) екі алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. Александр Рожно мен Руслан Әбжікеновтар награданың толық жиынтығын иеленді (екеуі де - қарағандылық, жаттықтырушылары Ракитина Е. мен Манохина Н.). Ал құрамына Ш.Читаев, А.Оразбек, С.Дәлиев, Р.Әбжікеновтер кірген ерлер командасы 4х100 метрлік эстафетада жеңіл атлетика бойынша күміс жүлде алды.
Ойындарға Азияның 26 елінен 1 мыңнан астам спортшы қатысты. Ал Германия мен Испаниядан келген спортшылар спорттың көрсетпе түрінде - арбадағылар арасындағы үлкен теннистен өнер көрсетті.