Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Бестон қаласында өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы ITF турнирінің бірінші ракеткасы болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингте 380-орында тұрған Д.Попко финалда чилилік Алехандро Табиломен кездесті.

Қазақстандық теннисші рейтингте 613-сатыдағы қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен екі сетте ұтты.

Жарыс барысында Дмитрий Попко италиялық Алессандро Петроне, америкалық Паул Остерман, тағы бір италиялық Пьетро Рондони және бразилиялық Жуан Соузаны еліне қайтарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралияда өткен жарыстың жеңімпазы атанғанын, Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкиннің София турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар