Қазақстандық теннисші Андрей Голубев St. Petersburg Open турниріне қатысады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - St. Petersburg Open турнирінің былтырғы финалисі, Қазақстан өкілі Андрей Голубев петербор турнирінің ұйымдастырушыларынан биыл арнайы шақыру алды.
15-ші St. Petersburg Open турниріне ресейлік және әлемге танымал теннисшілер, атап айтқанда Марат Сафин, Михаил Южный, Игорь Куницын, Игорь Андреев, Теймураз Габашвили және Евгений Королев сынды спортшылар қатысады.
Жасөспірімдер арасында «Уимблдон-2009" турнирінің жеңімпазы болған 18 жасар Андрей Кузнецов, сондай-ақ Виктор Ханеску, Эрнест Гулбис және Райнер Шуттлер сынды спортшылар да турнирдің ұйымдастырушыларынан арнайы шақыру алып отыр.
St. Petersburg Open турнирі қазанның 25-і мен қарашаның 1-і аралығында өтеді.