Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мароккода өткен ITF Casablanka турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мароккода өткен ITF Casablanka турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева  Мароккода  өткен  ITF Casablanka  турнирінің  жеңімпазы атанды

WTA рейтингі бойынша әзірге 326-шы орында тұрған Г.Воскобоева жүлделік қоры 25 мың долларды құрайтын халықаралық турнирде жеке разряд бойынша жеңіске жетті.

Финалда Галина босниялық Мервана Джугич-Салкисті 6:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.