Қазақстандық теннисші «PTT Pattaya Open» турнирінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теннистен Таиландта өткен «PTT Pattaya Open» турнирінде қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды,

Қазақстандық теннисші «PTT Pattaya Open» турнирінің жеңімпазы атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.Ярослова Шведова бұған дейін таиландтық Тамарин Танасугарнмен 1/8 ойындарында Нунгнаду Ваннасук пен Варатчай Вонгтинчайды 6:0, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Жартылай финалда олар үндістандық Сания Мираза мен италияндық Маара Сантангелоның жұбынан 2:6, 6:2 және 10:7 есебімен басым түсті. Ал ақтық сында ресейлік Виталия Дьяченко мен украиналық Юлия Бейгельзимерді 6:3, 6:2 есебімен ойсырата ұтып, жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің жеңімпазы атанды.