Қазақстандық теннисші Roland Garros турнирінің үздік сегіздігіне кірді

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Roland Garros турнирінің жартылай финалына шығу жолында әлемнің экс бірінші-ракеткасы Елена Янковичпен күш сынасады,
None
None

деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Ярослава Шведова Roland Garros турнирінің үздік сегіздігінің қатарына өтіп, отандық теннистің тарихында айды аспанға бір-ақ шығарды. Ярослава 4-ші айналымда австралиялық Ярмила Гротты 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Ширек финалға жетудің өзі Шведоваға оңайға түскен жоқ. Бірінші ойында ол Сара Эрраниді жеңсе (6:1,7:5),екінші айналымда Ярослава әлемнің сегізінші ракеткасы поляк Агнешка Разваньсканы шетке ысырды. Ал 1/8 финалға шығу үшін қазақстандық теннисші ресейлік Алиса Клебанованы 6:2,4:6,6:0 есебімен жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар