Қазақстандық теннисші Я.Шведова Уимблдонда адам таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова 30 маусым күні Уимблдонның үшінші айналымында италиялық спортшы Сара Эрранимен кездесіп, айды аспанға шығарды.

Сара Эррани - әлемнің 10-ыншы ракеткасы, осының алдында өткен Ролан Гарростың финалисі. Соған қарамастан бірінші сетте Я.Шведова С.Эрраниға соқыр ұпай ұстатқан жоқ, яғни барлық 24 ұпайды бір өзі еншіледі. Мұндай «алтын есеп» теннис тарихында осымен үшінші рет қайталанып отыр. Ал Уимблдонда мұндай табысқа ешкім қол жеткізбеген. Сөйтіп бірінші партия 6:0 есебімен аяқталса, екінші сетте Я.Шведова 6:4 есебімен жеңіп, төртінші айналымға шықты.

Үздік он алты теннисшінің қатарына қосылған Я.Шведова дүйсенбі күні 1/8 финалда атақты американдық Серена Уильямспен күш сынасады.

Аталмыш турнир қазақстандық теннисшінің Лондон олимпиадасына даярлығы жақсы екендігін байқатып отыр. Сонымен қатар Я.Шведова тағы бір қазақстандық теннисші Галина Воскобоевамен жұптасып  өнер көрсетуде де оң нәтижеге қол жеткізуде.

Соңғы жаңалықтар