Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова сербиялық спортшыдан жеңіліп қалды - «Ролан Гаррос»

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстандықтардың үкілеген үмітін арқалаған теннисші Ярослава Шведова «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында сербиялық Елена Янковичтен жеңіліп қалды.

Қазақстандық   теннисші   Ярослава Шведова  сербиялық    спортшыдан жеңіліп қалды -  «Ролан  Гаррос»

Ярослава Янковичтен 5:7, 4:6 есебімен жеңілді. Осы турнирдің аясындағы бұған дейінгі төрт кездесуінде қазақстандық теннисші ешкімге есе жібермей келген еді.

Турнир Францияның теннистен ашық чемпионаты болып табылады. «Ролан Гаррос» турнирі - «Үлкен шлем» төрт турнирінің бірі.