Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Tashkent Open»-нің екінші айналымына шықты

ТАШКЕНТ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сейсенбі күні қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Tashkent Open» әйелдер арасындағы ашық теннис чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Tashkent Open»-нің екінші айналымына шықты

Бүгін қазақстандық бірінші ракетка Ярослава Шведова итальяндық Мария-Елена Камеринамен кездесіп, оны екі ойында да айқын басымдылықпен - 6:1, 6:1 есебімен жеңді.