Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA әйелдер турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Барселонада өтіп жатқан WTA әйелдер турнирінің жартылай финалына шықты,
деп хабарлады ҚР Теннис федерациясынан.
WTA рейтингісі бойынша 42-ші орындағы Я.Шведова ширек финалда чехиялық қарсыласы Ивет Бенешовуды еш қиындықсыз тізе бүктірді. Ойын қорытындысы 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Ал ақтық бәсекеге жолдама алуы үшін Я.Шведова италяндық Франческа Скьявонемен немесе испандық теннисші Карла Суарес Наварромен ойнайды.