Қазақстандық теннисші Ю. Щукин «Tashkent Challenger 2009» турниріне қатысуда
ТАШКЕНТ. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өткен сенбі күні Өзбекстан елордасында «Tashkent Challenger 2009» турнирінің негізгі сеткасының жеребе рәсімі өтті.
Аталмыш турнир Өзбекстанда алғаш рет былтыр 125 мың доллар жүлде қорымен өтті. 2008 жылы жарысқа бірқатар күшті ойыншылар қатысты, олардың қатарында үздік жүздікке кіретін тайвандық Лу Йен-Сунь, израильдік спортшы Дуди Селы және неміс Денис Гремельмайр болды.
Биылғы турнирге Қазақстанның атынан ұлттық құрама өкілі Юрий Щукин қатысуда. Ол бірінші айналымда өзбекстандық Мұрад Иноятовпен кездеседі.