Қазақстандық теннисші Ю.Щукин «Tashkent Challenger 2009» турнирінен шығып қалды

ТАШКЕНТ. Қазанның 16-сы.  ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстандық теннисші Ю.Щукин «Tashkent Challenger 2009» турнирінен  шығып  қалды.

Қазақстандық теннисші Ю.Щукин «Tashkent Challenger 2009» турнирінен  шығып  қалды

ҚазАқпарат бұдан  бұрын   хабарлағандай, Ташкенте ағымдағы аптада   «Tashkent Challenger 2009»   турнирі  өтіп  жатыр,    оның  жүлделік  қоры 125 мың АҚШ доллары.

Қазақстанның  теннистен ұлттық   құрамасының  мүшесі   Юрий Щукин  бейсенбі күні  өзбекстандық спортшы Денис Истоминнен ұтылды.

Ю.Щукин  сондай-ақ  словакиялық  Мартин  Клизанмен  жұптасып ойнаған ойында   чехиялық Йири Кркоско  мен словакиялық Лукас Лацкодан жеңіліп қалды.