Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Challenger Zagreb Open-2010 турнирінде ширек финалға шықты
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Хорватияда Challenger Zagreb Open-2010 турнирінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші Юрий Щукин ширек финалға шықты.
Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бірінші айналымда Юрий Щукин үнділік спортшы Сомдева Девварманды 7:6, 1:6, 6:1 есебімен жеңсе, екінші кезеңде ресейлік теннисші, жасөспірімдер арасындағы Уимблдон чемпионы Андрей Кузнецовты 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Ширек финалда қазақстандық теннисші словениялық Блаз Кавчичпен кездеседі.