Қазақстандық теннисші Юрий Щукин «Челленджер» сериясының Kazan Kremlin Cup турнирінде жеңімпаз атанды
АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин жұптық разрядта «Челленджер» сериясының Kazan Kremlin Cup турнирінде жеңімпаз атанды,
деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Турнир Татарстанның елордасы - Қазан қаласында өтті және оның жүлделік қоры 50 мың АҚШ долларын құрады.
Ақтық сайыста Ю.Щукин чехиялық Жан Мертлмен бірлесіп неміс жұбы Тобиас Камке мен Жулиан Рейстерді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.