Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Хорватия турнирінде жартылай финалға шықты

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Хорватияда Challenger Zagreb Open-2010 турнирінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші Юрий Щукин жартылай финалға шықты.

Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Хорватия  турнирінде жартылай финалға шықты

Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жартылай финалда Юрий Щукин бразилиялық Маркос Даниэлді 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Ал бүгін финалда Юрий испандық Сантьяго Вентурамен ойнайды.

Challenger Zagreb Open-2010 турнирінің жүлделік қоры 50,000 мың долларды құрайды.