Қазақстандық теннисшілер Германияда «Челленджер» сериясының «Heilbronn open» турнирінде ширек финалға шықты
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстандық теннисшілер - Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин - Германияда «Челленджер» сериясының «Heilbronn open» турнирінде ширек финалға шықты,
деп хабарлады жұма күні Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
А.Голубев екі сетте 6:2, 6:2 есеппен неміс спортшысы Цедрик- Марсель Стебені жеңсе, М.Кукушкин 6:2,6:4 есебімен швейцариялық Стефан Бохлиді жеңді.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін бүгін А. Голубев словак Доминик Хрбатимен, ал М.Кукушкин украиналық кіші Александр Долгополовпен кездеседі.