Қазақстандық теннисшілер - Roland Garros турнирінде
мамырдың 24-інде Roland Garros турнирінің бірінші айналымында американдық Джону Иснер мен серб Новак Джоковичке есе жіберіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
А. Голубев үш сетте американдық Джон Иснерден(АТР рейтингінде 19-шы орында) 4:6; 3:6; 2:6 есеппен жеңіліп қалса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Е. Королев Новак Джоковичтен (АТР рейтингінде 3-ші орын) 1:6; 6:3; 1:6; 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Roland Garros турниріндегі Қазақстанның бір ғана өкілі - Юрий Щукин ғана қалды. Юрий Щукин бүгін американдық Раджив Раммен ойнайды. Осы жұптың жеңімпазы Оскар Кернандес (Испания) - Виктор Ханеску (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Бүгін турнирдің әйелдер бөлігінде қазақстандық Ярослава Шведова бірінші раундта итальяндық Сара Эрранимен кездеседі.