Қазақстандық теннисшілер Тайландта Дэвис кубогының Азия-Тынық мұхит аймағындағы 2-ші раунд кездесулерін сәтті өткізді

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   Теннистен Тайландтың Бангкок қаласында  Дэвис кубогының Азия- Тынық мұхит аймағындағы бірінші топтағы 2-ші раунд матчтарын қазақстандықтар  сәтті өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

       Шілденің 9-ы күні өткен жеребе тастау қорытындысы  бойынша Бангкоктағы ұлттық теннис кортында  бірінші болып Қазақстан мен Тайланд құрамаларының ең үздік ойыншылары бақ сынаған болатын.  Перакиат Сирилуетхаватанды 6:2, 6:3, 6:2 есебімен ұтқан  Андрей Голубевтің жеңісті жолын Михаил Кукушкин одан ары жалғастырды. Ол  Киттипонга Ваширамановонгты  6:2, 6:4 6:2 есебімен қапы қалдырды. Одан кейін олар  жұптасып өнер көрсетуде тайландтық егіздер  Санчай Ративатана мен Сончат Ративатананы да тізе бүктірді. Одан кейін   Андрей   Киттипонгпен, Михаил Перакиатомен кездесіп бұл ойындар да қазақстандықтардың пайдасына шешілді. 

Соңғы жаңалықтар