Қазақстандық тоғызқұмалақшылар Чехиядағы ХХ Зияткерлік ойындар фестиваліне қатысады

           АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Чехияның  Пардубице  қаласында шілденің 16-19 күндері ХХ Зияткерлік ойындар фестивалі аясында халықаралық жарыс өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

        Бұл бәсекеге  аға бапкер Айнұр Жақапбаева бастаған ел құрамасы ертең түнде аттанады.  Ел намысын  қорғау бұл жолы  павлодарлық Серік Ақтаев пен Диана Кенинаға және ақтөбелік Нұрбек Қабиевке сеніп тапсырылған. 

         «Чехияда дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін Зияткерлік ойындар фестивалінде былтыр тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған  халықаралық жарыста  оңтүстікқазақстандық Ғалымжан Темірбаев жеңімпаз атанды. Сондай-ақ ол халықаралық спорт шеберінің нормативін орындады. Биыл мұндай мәртебеге Диана Кенина мен Нұрбек Қабиевтің бірі ие болуы мүмкін. Өйткені Серік Ақтаев халықаралық спорт шеберінің нормативін бұған дейін орындап қойды», дейді мемлекеттік бапкер Мақсат Шотаев. Оның айтуынша,бұл жарысқа қазірдің өзінде Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Словакия, Чехия сияқты елдерден спортшылар  қатысатыны белгілі болып отыр. Онда өткен жылы бірінші орынды астаналық Мақсат Шотаев, екінші орынды қызылордалық  Әсел Далиева иеленген болатын.

        Қазақстандық тоғызқұмалақшылар биыл обариден өтетін халықаралық жарысқа да қатыспақ.   Онда былтыр  спорттың бұл түрінен  Мақсат Шотаев жеңімпаз атанған еді.

Соңғы жаңалықтар