Қазақстандық топ ҰОС туралы фильм түсіру үшін 15 мың шақырым жол жүріп, соғыс болған жерлерді аралады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Жеңімпаздардың даңқы артсын!» деп аталатын автошеруге қатысқан қазақстандықтар осы саяхат жөнінде әңгімеледі.
None
None

Автошеруге қатысушылар 15 мың шақырым жол жүріп, Ұлы Отан соғысы кезінде шайқас болған жерлерді аралаған. Ондағы мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жақын және алыс шет елдердің жұртшылығын бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының ерлікке толы тарихымен таныстыру.

«Жеңімпаздардың даңқы артсын» жобасы - 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының Мәскеу түбіндегі ерлігінің 75 жылдығына арналған әлеуметтік, патриоттық жоба. Түсіруші топтың әзірлеген деректі фильмі 21 маусым күні «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.

Жобаның продюсері әрі ұйымдастырушысы Әлибек Бегалиновтың айтуынша, түсіру тобы саяхат барысында Самара, Волгоград, Курск, Тула, Мәскеу, Санкт-Петербург, Рига, Калиниград және Берлин қалаларында болған.  

«Саяхат барысында телеарналарда біз тікелей эфирлерге шықтық. Фото және бейнематериалдар жинадық. Тарихшылардан және қоғам қайраткерлерінен сұхбат алдық. Бұл фильмнен қазіргі жастардың Ұлы Отан соғысына деген көзқарастарын білуге болады», - деді ол.

Сонымен қатар, А. Бегалинов болашақта жоба жалғасын табуы мүмкіндігін айтты. Қырым Республикасына саяхат жасау барысында осы салада қызмет атқаратын жергілікті ұйымдардың өкілдері алдағы жылы да жобаны жалғастыру керектігі туралы ұсыныс айтқан екен. Қазір түсіруші топ осы ұсынысты қарап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар